Бюджеттің кіріс бөлігіне қосылған қаржы әлеуметтік түйткілдерді шешуге жұмсалатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджеттің кіріс бөлігіне қосылған қаржы әлеуметтік түйткілдерді шешуге жұмсалатын болды

Бюджеттің кіріс бөлігіне қосылған қаржы әлеуметтік түйткілдерді шешуге жұмсалатын болды

2003-жылғы республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне жіберілген қосымша қаржы негізінен әлеуметтік түйткілдерді шешуге жұмсалатын болды.

  • 2 Маусым 2003
  • 549
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы парламент палаталарының бірлескен отырысы тәмамдалғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында республикалық бюджетке енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды екінші оқылымға әзірлеу жөніндегі біріккен комиссия төрайымы, мәжіліс депутаты Татьяна Мужчиль мәлімдеді.

Отырыста көптеген мәселенің шешімі табылғанын хабарлаған Т. Мужчиль даму институттарын құру туралы мәселеге де тоқталды.
Оның айтуынша даму институттарын құру «болашаққа жасалған қомақты қадамдардың бірі» екенін айта келіп, мұндай қадам «болашаққа деген сенім нығая түскенде ғана» жасалатынын атап көрсетті.
Парламент палаталарының бүгінгі бірлескен отырысында 2003-жылғы республикалық бюджет мынадай көрсеткіштермен қабылданды :
бюджеттің кіріс бөлігі 710,2 млрд. теңге , шығыс бөлігі 793 млрд.теңге , ал бюджет тапшылығы 82,8 млрд. теңге көлемінде бекітілді .
Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінен 19,4 миллиард теңге зейнетақы бағдарламасын жүзеге асыруға, ал 45,7 миллиард теңге даму институттарын құруға жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар