Бюджеттің қосымша кірістері әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалады - Павлодар облысы
Павлодар облысы бюджетінің қосымша кірістері әлеуметтік тұқтаждықтарды шешуге жұмсалатын болады. |
Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Галина Давдрикова өткен аптада өткен облыстық мәслихаттың сессиясында хабарлады.
«Павлодар-әуежай» жолын жөндеуге және жол бойын абаттандыруға - 442 миллион теңге, спортты дамытуға 343 миллион теңге қарастырылып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің облыстық тұрақтандырушы қорын жасақтауға да 200 миллион теңге бөлінуде. Қосымша қаражат сондай-ақ 2012-2015 жылдары салынатын бес мектептің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге жұмсалады. Ауыл кітапханалары үшін жаңа әдебиеттер сатып алуға және басқа да әлеуметтік проблемаларға қаржы бөлініп отыр.
Депутаттар облыстың нақтыланған бюджетін бекітті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін