Caravan Logo

Бюджеттің қосымша кірістері әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалады - Павлодар облысы

Бюджеттің қосымша кірістері әлеуметтік проблемаларды шешуге жұмсалады - Павлодар облысы

Бұл туралы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Галина Давдрикова өткен аптада өткен облыстық мәслихаттың сессиясында хабарлады.

«Павлодар-әуежай» жолын жөндеуге және жол бойын абаттандыруға - 442 миллион теңге, спортты дамытуға 343 миллион теңге қарастырылып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің облыстық тұрақтандырушы қорын жасақтауға да 200 миллион теңге бөлінуде. Қосымша қаражат сондай-ақ 2012-2015 жылдары салынатын бес мектептің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге жұмсалады. Ауыл кітапханалары үшін жаңа әдебиеттер сатып алуға және басқа да әлеуметтік проблемаларға қаржы бөлініп отыр.

Депутаттар облыстың нақтыланған бюджетін бекітті.