Ол қоғамда аталған тақырыптың не себепті көз қозғалмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Танымал психолог қыз-келіншектерге кеңес берді.
«Неліктен мен бұл тақырыпты бүгін көтеріп жатырмын?
Өйткені дәл қазір Мәжілісте депутаттар Қылмыстық Кодекске СТАЛКИНГ туралы норма енгізуді талқылап жатыр.
Бұл заң жобасының жұмыс тобын депутат Абзал Құспан @abzalkuspan жетекшілік етіп отыр.
Абзал Темірғалиұлы — мықты білікті заңгер. Мәжілісте Батыс Қазақстан облысынан сайланған бір мандатты депутат. Құқұыққорғаушы органдарда жұмыс істеген маман болған соң проблеманы жақсы біледі, соның арқасында ол кісі бұл заң жобасын қорғап шығуға барын салады деп үміттенемін.
Ал біз, құрметті оқырман, белсенді азамат ретінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші заңдардың қабылдануын қолдауымыз керек.
P.S. Соңғы слайдтарда менің оқырмандарымның шынайы оқиғасы.
Осы заң қабылдансын десеңіз репост жасаңыз», — деп жазды ол.