Жарияланды: 450

Б.Жәмішев: 1 шілдеге дейін көліктер жеңілдетілген салық бойынша рәсімделеді

Кеден одағы талаптарының күшіне енуіне тура 10 күн қалды. Осыған байланысты қазір шекарадағы кеденшілер тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшті. Себебі:сырттан тасымалданып жатқан көлік саны күн санап өсіп барады. Ал бүгін Қаржы министрі Болат Жәмішев 1 шілдеге дейін шекараға жеткізілген көліктердің бәрі жеңілдетілген салық  бойынша рәсімделетінін жеткізді.

Шекарадағы шетелдік көліктердің кептелісі қазір еліміздің бірнеше жерінде орын алып отыр. ӘсіресеАқтау портындағы жағдай қауырт. Мұнда кезегін күтіп тұрған көлік саны 50 мыңға жақындаған. Уақыттың тығыздығына байланысты Кеден комитеті шекарадағы рәсімдеу бөлімшелері мен қызметкерлерінің санын арттырып отыр. Олар алдағы 10 күн ішінде келген көліктердің бәрін кеденнен өткізулері керек.

Болат Жәмішев, ҚР Қаржы министрі:

Елге жеткізілмеген,  әлі АҚШ-та, Еуропада, не  Қытайда тұрған көліктер 1 шілдеге дейін шекараға жеткізілмесе, оларды рәсімдеуге кеденшілердің мүмкіндігі жоқ. Сондықтан ол көліктер бірыңғай кедендік тарифпен өтетін болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін