Б.Жұмағұлов Еуразия ұлттық университеті ұжымына жаңа басшыны таныстырды
АКеше ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Елбасының өкімімен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне тағайындалған жаңа ректор Ерлан Сыдықовты ұжыммен таныстырды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. |
Министр қызметінен босатылған ЕҰУ ректоры Бақытжан Әбдірайымовқа жемісті еңбегі және жоғары оқу орнының қол жеткізген жетістіктері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысының жоғары білікті отандық экономиканы қамтамасыз ету және елдің индустриялық-инновациялық қажеттілігіне сәйкес бәсекеге қабілетті мамандар дайындау үшін жоғары білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеліп отырғандығын баса айтты.
Айта кетейік, Е.Сыдықов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін