Б.Жұмағұловтың төрағалығымен ғылыми зертханалар қызметі бойынша кеңес өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Б.Жұмағұловтың төрағалығымен ғылыми зертханалар қызметі бойынша кеңес өтті

Б.Жұмағұловтың төрағалығымен ғылыми зертханалар қызметі бойынша кеңес өтті

Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен ғылыми зертханалар қызметі бойынша кеңес өтті.

  • 24 Маусым 2011
  • 473
Фото - Caravan.kz

Алқалы жиында сөз алған министрдің атап өтуінше, қазіргі уақытта Білім және ғылым министрігі барлық санаттағы жоғары оқу орындарына, бірінші кезекте университеттерге қойылатын жаңа талаптарды әзірлеу үстінде. «Бүгінде жоғары оқу орындарының жаңа жіктемесін және зерттеу университеттері бойынша құжаттар топтамасын әзірледік. Осы ЖОО халықаралық стандарттарға сәйкес ғылыми және инновациялық қызмет үшін заманға сай білікті кадрларды даярлауды қамтамасыз етуі тиіс. Осы жылдың өзінде біз 1-2 зерттеу университетін және инновацияға бағдарланған 10 жоғары оқу орнын іріктеп аламыз», — деді ол.

Сондай-ақ оның сөзіне қарағанда, соңғы жылдары ғылыми-зерттеу институттары мен ЖОО арасында зерттеу белсенділігіне қарай қайта бөлу жүзеге асырылды. Нәтижесінде ғылыми-зерттеу институттарының үлесі 68 пайыздан 59 пайызға азайып, жоғары оқу орындары 23 пайыздан 32 пайызға көбейген. «Негізінен бұл оң құбылыс. Ол ғылымды білім беру үдерісімен біріктіруге мүмкіндік береді. Тек солай ғана қазіргі заман талаптарына сай келетін мамандарды даярлауға болады», — деді министр.

Бұл ретте Б.Жұмағұловтың пайымынша, жоғары оқу орындары тек өз мүдделерін ғана ойлай бермей, ғылыми- зерттеу институттарымен және ғылыми орталықтармен оларда жұмыс істейтін ғалымдармен тығыз өзара қарым-қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар