БЖЗҚ халықтың ақшасын ұрлап жатқаны рас па? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ халықтың ақшасын ұрлап жатқаны рас па?

БЖЗҚ халықтың ақшасын ұрлап жатқаны рас па?

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) — зейнетақы реформасының нәтижесінде 2013 жылы 22 тамызда құрылған. Қор "МЖЗҚ" АҚ базасында сол кезде елімізде болған барлық зейнетақы қорларын біріктірген.

  • 14 Қараша
  • 15
Фото: caravan.kz

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Facebook парақшасында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың ақшасын ұрлап жатыр деп жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Біздің ақшамызды ұрлағанды қашан қоясыңдар?

Менің зейнетақы шотым 2013 жылы ашылған жоқ, 2002 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында қызмет етіп жүргенде ашылды. Ол жердегі 4.5 жыл бойы үздіксіз аударылған зейнетақы жарнам қайда?

2009-2010 жылдары «Айқын» газетінде қызмет етіп жүргендегі 2 жылдық зейнетақым қайда?

2012 жылы жеке ИП ашып, өз журналымды шығарған кездегі 1 жылдық жарнам қайда???

2001 жылы «Қазақ әдебиетінде» қызмет етіп жүргенде «Нефтегаздем» деген пәле бір жылдық зейнетақымды үптеп ол кеткен… Кейін ұлттық арнада басшылық бәрімізді «Ұлар Үміт» пе, сондай бір алаяқтардың компаниясына тіркеп, олар тағы үптеп кеткен. Содан кейін БЖЗҚ/ЕНПФ құрылып, енді қаржымыз дұрыс жиналатын болды деп қуанған едік. Оны да Смағұлов бір тонады, ЭКСПО деп нән екі тонады, азербайжандар үш тонады», — деп шүйлікті журналист.

Одан бөлек, ел тұрғындарына зейнетақы қорындағы қаржатты ай сайын емес, апта сайын, тіпті, күн сайын бақылап отыруға кеңес берді.

«Әйтпесе ақшаңыз ұрланғанын мен ұқсап білмей де қаласыз. Мен де соңғы 7-8 жылда қадағалап, тексермегенмін. Жаңа ойыма түсті де, мобильдік қосымшасы бар ма екен деп гуглдан қарай салсам, бар екен. Жүктеп алдым да, тіркеліп, тексере салсам, «шот 2013 жылы ашылған» деп тұр. Қалайша ол 2013 жылы ашылады? Оған дейінгі зейнетақы аударымдар қайда?

Тым болмаса, 2012 десеңдер бір жөн. Сол жылы қаңтарда салық комитетіне тіркеліп, ИП ретінде бүкіл салықтарды өз қолыммен төлеп отырғанмын. Менің зейнетақы шотымда 8.5 млн тг баяғыда жиналатын уақыты болған», — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Журналистің бұл сұрағына БЖЗҚ өкілі ресми жауап берді.

«Зейнетақы жинақтарының жоғалып кетуі мүмкін емес. 2013 жылы «БЖЗҚ» АҚ мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры негізінде елдегі барлық зейнетақы қорларын біріктірді. Барлық жеке қорлар біріктірілген кезде, әрбір салымшының барлық қаражаттары толығымен БЖЗҚ-ға аударылды. 

Қордың сайтындағы (www.enpf.kz) Жеке кабинетте және БЖЗҚ ұялы қосымшасында Сіз 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кез келген кезең үшін өзіңіздің жеке зейнетақы шотыңыздан (ЖЗШ) үзінді көшірмені қалыптастыра аласыз. Бұл ретте, 2013 жылға дейін басқа жеке жинақтаушы зейнетақы қорларында қалыптастырылған барлық жинақтар үзінді көшірмеде аударым түрінде бір сомамен көрсетілетін болады. Егерде Сіз үзінді көшірмені қалыптастырған кезде 2013 жылға дейінгі кезеңді таңдасаңыз, онда Сіздің басқа жеке зейнетақы корындағы мәліметтеріңіз қоса беріледі. Бұл ақпарат үзінді көшірменің соңғы бетінде көрсетіледі», — делінген ресми жауапта.