БЖЗҚ-ға жаңа басшы тағайындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

БЖЗҚ-ға жаңа басшы тағайындалды

БЖЗҚ-ға жаңа басшы тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі. "БЖЗҚ төрайымы болып бірауыздан Нұрбибі Наурызбаева таға

  • 13 Қаңтар 2017
  • 603
Фото - Caravan.kz

БЖЗҚ-ға жаңа басшы тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kzтілшісі.

"БЖЗҚ төрайымы болып бірауыздан Нұрбибі Наурызбаева тағайындалды", — деді "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева.

Айта кетейік, Нұрбибі Наурызбаева осыған дейін Ұлттық банктің Ішкі аудит департаментінің директоры болып қызмет еткен.

Нұрбибі Наурызбаева тағайындалуына қатысты пікір білдіре отырып, журналистерді, сарапшыларды, салымшылардың өкілдерін, зейнеткерлерді және салымшыларды шақырып, қоғамдық кеңес құратынын айтты.

Еске салайық, 2016 жылдың 21 желтоқсанынан бастап ҚР Ұлттық банкінің қатысуымен "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" Акционерлік қоғамының қызметіне тексеріс жүргізілген болатын. Сол кезде тексерістің БЖЗҚ акционерлік қоғамының меншікті активтерді инвестициялауға қатысты жасалған операциялары бойынша жүзеге асырылып жатқаны айтылған еді. "БЖЗҚ" АҚ-тың меншікті активтері оның капиталы және шаруашылық қызметінің нәтижелері есебінен қалыптастырылады екен. "БЖЗҚ" АҚ меншікті активтерді дербес басқарады", — деген еді банктегілер.

Ал 9 қаңтарда БЖЗҚ басшылығы
қамауға алынған
болатын."Олар Жаңа жылдың алдында қамауға алынған. Аты-жөндерін білмеймін, біз оларды атамадық. Жетекші мен орынбасарларының бірі қамауға алынған", — деген еді ҚР Ұлттық банкінің қаржы қызметтері тұтынушыларының құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.

Сондай-ақ, бүгін БЖЗҚ ісі бойынша қамауға алынғандардың тізіміжарияланған болды. Кейінірек БЖЗҚ басқарма төрағасының адвокатыістің мән-жайын айтып берген еді.