БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевті қамауда ұстау мерзімі 28 сәуірге дейін ұзартылды. 

  • 28 Наурыз 2017
  • 266
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сот «БЖЗҚ» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаевты 1 айға, яғни 28 сәуірге дейін қамауда ұстау туралы қаулы шығарды», — делінген сот ақпаратында. Бұрын хабарланғандай, Р. Ерденаев, сонымен қатар «БЖЗҚ» АҚ Тәуекелді басқару департаменті қаржылай тәуекел басқармасының бастығы  Мұса Бахтов, «АлатауМунайАлтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаев, «Бузгул Аурум» ЖШС директоры А. Найзағариндер қасақана ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді.  Оларға ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасы (сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе талан-таражға салу) бойынша айып тағылуда.

Еске сала кетсек, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексеріп жатыр.


Белгілі болғандай, ҚР Ұлттық банкі БЖЗҚ-ның «Бузгул Аурум» ЖШС облигацияларын сатып алғаны жайлы шағым түсірген. 21 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекеті тексерілуде. Тексеру БЖЗҚ акционерлерінің өз активтерін инвестициялауға қатысты болып отыр.