Cәрсенбі күні республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жауын жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Cәрсенбі күні республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жауын жауады

Cәрсенбі күні республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жауын жауады

Сәрсенбі күні Қазақстанның орталығы, шығысы мен оңтүстік-шығысында атмосфералық тұтас ағым ықпал етуінен мұнда күн күркіреп, жауын жауып, екпіндетіп жел соғады. Республиканың қалған бөлігінің ауа райына антициклон тармағы ықпал етеді, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.

  • 29 Маусым 2011
  • 474
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады, ауа температурасы +26+28 градус болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығып, күндіз өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, шығыстан 2-7 м/с жел соғады, екпіні 12 м/с болады, ауа температурасы +26+28 градус болады.

Синоптиктердің мәліметтерінше, Қазақстанның солтүстігінде күн ашық болады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында түнде және таңертең тман түседі, ауа темпертаруасы +25+30 градус болады. Павлодар облысында ауа температурасы +25+30 градус.

Қарағанды облысында өтпелі жауын жауады, жекелеген аудандарда 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы +23+28 градус болады. Шығыс Қазақстан облысында күн күркіреп, аздап жауын жауып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, 15-20 м/с жел тұрады, ауа температурасы +26+31 градус болады.

Республиканың оңтүстігінде тек Қызылорда облысында күн ашық болады деп күтілуде, ауа температурасы +33+38 градус болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында күн күркіреп, өтпелі жауын жауып, 15-22 м/с жел соғып, ауа температурасы сәйкесінше, +23+28, +28+33 және +28+33 градус болады.

Қазақстанның батысында барлық облыстарда күн ашық, Атырау облысында желдің жылдамдығы 15-22 м/с болып, ауа температурасы +33+38 градус, Ақтөбе облысында түнде және таңертең тұман түседі, ауа температурасы +23+28 градус, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысында ауа температурасы сәйкесінше, +33+38 және +28+33 градус болады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан, Қызыорда облыстарнда, Алматы облысының солтүстігі, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысы мен Қарағанды облысының батысында өрт туындау қаупі өте жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердегі судың деңгейі құбылмалы болады. Қазақстанның қалған су айдындарында елеулі өзгерістер болмайды.

Соңғы жаңалықтар