Cәуір айында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 43 мың 828 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Cәуір айында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 43 мың 828 теңгені құрады

Cәуір айында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 43 мың 828 теңгені құрады

2011 жылғы сәуірде халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 43 мың 828 теңгені құрады. Бұл ретте өсім 2010 жылғы сәуірмен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін 11,9 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін - 3,2 пайызды құрады.

  • 14 Маусым 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы сәуірде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 83 мың 276 теңгені құраған. Бұл 2010 жылғы кезеңге қарағанда 10,7 пайызға артық. Ал нақты жалақы индексі 2010 жылғы сәуірге 102,2 пайызды құрады.

Сонымен қатар, 2011 жылғы мамырдағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 469,2 мың адамды құрап отыр. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,4 пайыз шамасында болып отыр. Бұдан бөлек, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы мамырдың соңына 66,2 мың адамды құрады немесе бұл экономикалық белсенді халық санына 0,8 пайызы болып табылады. Ал жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құраған.

Соңғы жаңалықтар