Caravan Logo

Cәуір айында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 43 мың 828 теңгені құрады

Cәуір айында халықтың жан басына шаққандағы орташа табысы 43 мың 828 теңгені құрады

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы сәуірде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 83 мың 276 теңгені құраған. Бұл 2010 жылғы кезеңге қарағанда 10,7 пайызға артық. Ал нақты жалақы индексі 2010 жылғы сәуірге 102,2 пайызды құрады.

Сонымен қатар, 2011 жылғы мамырдағы жұмыссыздар саны бағалау бойынша 469,2 мың адамды құрап отыр. Бұл ретте жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санына 5,4 пайыз шамасында болып отыр. Бұдан бөлек, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2011 жылғы мамырдың соңына 66,2 мың адамды құрады немесе бұл экономикалық белсенді халық санына 0,8 пайызы болып табылады. Ал жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құраған.