Cәуір айында орташа жалақы 83 мың 276 теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Cәуір айында орташа жалақы 83 мың 276 теңгені құрады

Cәуір айында орташа жалақы 83 мың 276 теңгені құрады

2011 жылғы сәуірдегі бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 83 мың 276 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 10,7 пайызға, нақты көріністе 2,2 пайызға артық. Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 14 Маусым 2011
  • 492
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметінше, салалық құрылымда жалақының ең үлкен мөлшері қаржы және сақтандыру қызметіне тиесілі, бұл — 188,6 мың теңгені құрайды және орташа республикалық деңгейден 2,3 есеге арты. Ал кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте — 167,4 мың теңге (2,0 есе), кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 155,6 мың теңге (1,9 есе) белгіленген. Ең төменгі жалақы ауыл, орман және балық шаруашылығындағы қызметкерлерінде сақталуда. Осы саладағы көрсеткіш 34,0 мың теңге шамасында және бұл ел бойынша орта көрсеткіштен 59,1 пайызға төмен.

Ал өңірлік бөліністе ең жоғары жалақы Атырау облысында — 164,4 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 2,0 есеге асады. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысында мұның шамасы 53,7 мың теңгені құрады, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,5 пайызға төмен.

Соңғы жаңалықтар