Cенаторлар салық салуға қатысты өзгерістер енгізілген құжатты талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Cенаторлар салық салуға қатысты өзгерістер енгізілген құжатты талқылады

Cенаторлар салық салуға қатысты өзгерістер енгізілген құжатты талқылады

Бүгін ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

  • 26 Қараша 2012
  • 353
Фото - Caravan.kz

Аталған құжаттың мақсаты салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қарау және еліміздің салық жүйесін Кеден одағының кеден заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру болып табылады.

Бұл ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, компаниялар жұмысының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен оған жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактуралар енгізу көзделеді. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына таратудың салықтық тексерісін жүргізбей, камералық бақылау нәтижелері негізінде таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді. Сондай-ақ, салық есептілігін табыс етпейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың арнаулы тетіктері енгізіледі.

Ал адал салық төлеушілер үшін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін кепілсіз және банк кепілдігінсіз күнтізбелік 36 айға дейінгі мерзімге өзгертуге мүмкіндік көзделген.

Сонымен қатар, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ондай құқық бұзушылықты алғаш жасағандарға «ескерту» секілді жазалау шарасын енгізу қарастырылып отыр.