Центральная және Хвалынская құрылымдары бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылы қол қойылады - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Центральная және Хвалынская құрылымдары бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылы қол қойылады - ҚР үкімет басшысы

Центральная және Хвалынская құрылымдары бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылы қол қойылады - ҚР үкімет басшысы

Қазақстан үкіметі мен "ЛУКОЙЛ" ААҚ "Центральная" және "Хвалынская" құрылымдары бойынша Өзара өнім бөлісу туралы келісімге 2005-жылы қол қоюды көздеп отыр. Бұл туралы бүгін, 1-ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Ақпан 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің 2005-жылы алға қойған маңызды мақсаттарының бірі ретінде Д.Ахметов «Құрманғазы», «Түпқараған» және «Аташ» жобаларын жүзеге асыруды да атады. «Биыл Амангелді газ кенішін дамыту жұмыстары да одан әрі жалғасады»,- деді үкімет басшысы.

Бүгінде «ЛУКОЙЛ» ААҚ «Хвалынская» құрылымында «ҚазМұнайГаз» ҰК-мен, ал «Центральная» құрылымында «ҚазМұнайГаз» ҰК , «Газпром» ААҚ-ымен бірлесе отырып геологиялық барлау жұмыстарын жүзеге асыруда. Сондай-ақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК-мен бірлесу негізінде Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты орталық бөлігіндегі «Түпқараған» (Өзара өнім бөлісу тәртібі бойынша) және «Аташ» (Бірлескен кәсіпорын аясында) теңіз жобалары бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүзеге асырылуда.
«Құрманғазы» құрылымын «ҚазМұнайГаз» ҰК Ресейдің «Роснефть»компаниясымен бірлесе отырып игереді. Қазақстан және Ресей үкіметтерінің бұйрығымен екі компания да 2002-жылы Құрманғазы жобасы бойынша уәкілетті ұйымдар ретінде іріктелген. Бірлескен жобаның 25 проценттік үлесін «Роснефть», 50 процентін «ҚазМұнайГаз» ҰК, қалған 25 процентін опциондық сауда-саттық нәтижесінде Ресейдің «Зарубежнефть» компаниялары иемденеді.

Перейти к новостям спорта