ChatGPT Өзбекстанда салық төлеуші ретінде тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 591.06
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ChatGPT Өзбекстанда салық төлеуші ретінде тіркелді

ChatGPT Өзбекстанда салық төлеуші ретінде тіркелді

ChatGPT әзірлеген OpenAI жасанды интеллект компаниясы Өзбекстанда ҚҚС төлеуші ретінде тіркелді. Өзбекcтандықтар оны 2023 жылдың қараша айынан бастап пайдаланып келеді.

  • 9 Сәуiр
  • 3
Фото: pixabay

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

8 сәуірде компания Салық комитетінің электронды қызмет көрсетушілерінің арнайы платформасына енгізілген. 

АҚШ-тың DigitalOcean бұлттық қызметтер провайдері де электронды қызмет провайдері ретінде комитет тізімінде тұр.

Жалпы Өзбекстанда тіркелген шетелдік интернет-компаниялардың саны 67-ге жеткен. 2025 жылдың басындағы жағдай бойынша барлығы 7 компания салық төлеуші ретінде тіркелген.

ChatGPT — OpenAI жасаған және алғаш рет 2022 жылдың қарашасында енгізілген жасанды интеллектке негізделген сөйлесу жүйесі. Ол пайдаланушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындауға, кеңес беруге және жалпы сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.

Өзбекстандықтарға 2023 жылдың қарашасынан бастап ChatGPT тіркелу және пайдалану құқығы берілді.