Жарияланды: 800

Чебурашка мен қолтырауын Гена бәссаудаға түседі

Чебурашка мен қолтырауын Гена бәссаудаға түседі

«Қолтырауын Гена» танымал мультфильмін жасауда қолданылған Чебурашканың, қолтырауын Гена мен Шапокляктың қуыршақтары Мәскеуде өтетін аукционға шығарылады.

Бұл туралы Ресей жаңалықтар агенттігі «Совком» аукциондық үйінің басшысы Юрий Тютиннің мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Аталған қуыршақтармен бірге бәссаудаға мультипликациялық фильмдегі Лариса егеуқұйрығы да шығарылып отыр. Қуыршақтардың барлық жиынтығы 1,5-2 миллион рубльге бағалануда. Аукцион 11 желтоқсан күні өтеді. Мультфильмнің кейіпкерлері түсірілімдер барысында мыңдаған қимылдар жасағаны белгілі. Көптеген қуыршақтар түсірілімнің соңында сынып, жарамсыз күйге түсіп отырған. Дегенмен, аукционға Чебурашка туралы 1970 жылдары түсірілген мультфильмдерден кейін «тірі» қалған қуыршақтар шығарылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін