Ц.Свободаның хабарлауынша, Қазақстан Елбасы Чехияға ресми сапармен барып қайтуға шақыру алса, Чехия президенті алдағы уақытта елімізге келмекші.
Сондай-ақ, Чехия сыртқы істер министрі өзінің қазақстандық әріптесі Қ.Тоқаевпен осында Шкода автокөліктерін өндіру мүкіндіктерін сарапқа салды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ц.Свобода ресми сапармен Астанаға келді. Сапар аясында ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, үкімет басшысы Даниал Ахметовпен жүздеседі.
Сондай-ақ, Чехия үкімет басшысының орынбасары Елбасының мәдениет орталығын, «Астана бас жоспары» кәсіпорнын және Астананың символына айналған «Бәйтерек» кешенін аралайды деп жоспарланған.
Ц.Свободаның елімізге жасайтын ресми сапары 31-қаңтарда аяқталады.