Чехия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағалығына ұсынылған Астана кандидатурасын қолдайды - Чехия үкімет басшысының орынбасары - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағалығына ұсынылған Астана кандидатурасын қолдайды - Чехия үкімет басшысының орынбасары

Чехия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағалығына ұсынылған Астана кандидатурасын қолдайды - Чехия үкімет басшысының орынбасары

Чехия Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағалығына ұсынылған Астана кандидатурасын, сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге деген талпыныстарын қолдайды. Бұл туралы Чехия Республикасы үкімет басшысының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Цырил Свобода Астанада ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевпен кездесуден кейін өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Ц.Свободаның хабарлауынша, Қазақстан Елбасы Чехияға ресми сапармен барып қайтуға шақыру алса, Чехия президенті алдағы уақытта елімізге келмекші.

Сондай-ақ, Чехия сыртқы істер министрі өзінің қазақстандық әріптесі Қ.Тоқаевпен осында Шкода автокөліктерін өндіру мүкіндіктерін сарапқа салды.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ц.Свобода ресми сапармен Астанаға келді. Сапар аясында ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен, үкімет басшысы Даниал Ахметовпен жүздеседі.
Сондай-ақ, Чехия үкімет басшысының орынбасары Елбасының мәдениет орталығын, «Астана бас жоспары» кәсіпорнын және Астананың символына айналған «Бәйтерек» кешенін аралайды деп жоспарланған.
Ц.Свободаның елімізге жасайтын ресми сапары 31-қаңтарда аяқталады.

Соңғы жаңалықтар