Жарияланды: 560

Чехия мен Қазақстан Ямбург келісімі бойынша Қазақстанның берешегін өтеу мәселесі бойынша өзара мәмілеге келуге жақын

Чехия мен Қазақстан Ямбург келісімі бойынша Қазақстанның берешегін өтеу мәселесі бойынша "өзара мәмілеге келуге жақын". Бұл туралы бүгін, 30-қаңтарда Астанада Чехия Республикасы үкімет басшысының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Цырил Свобода Қазақстан президентімен келіссөздерден кейін мәлімдеді.

Оның атап көрсетуінше, "проблеманы реттеудің бірнеше мүмкіндіктері қарастырылуда. Берешекті тек газ беру жолымен ғана емес, сондай-ақ, ақшалай да қайтаруға болады". "Біз үшін мәселенің екі жақты бірдей қанағаттандыра ашық шешілуі маңызды",- деді Ц.Свобода. Ал ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаевтың айтуынша, бұл мәселе үкіметаралық комиссия аясында қосымша талқылауды қажет етеді. Министрдің түсініктемесіне жүгінсек, бұл жерде мәселе Словакия шекарасында 2,5-3 млрд. текше метрге дейін табиғи газ беру турасында болып отыр. "Бұл бағыттағы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Екі жақ бірдей барын салған жағдайда бұл мәселенің шешімін жуық арада табуға болады",- деді Қ.Тоқаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін