Чехия президенті ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехия президенті ресми сапармен елімізге келеді

Чехия президенті ресми сапармен елімізге келеді

8-9-қыркүйекте Чехия Республикасының президенті Вацлав Клаус ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2004
  • 442
Фото - Caravan.kz

Чехия мемлекет басшысы Қазақстан президентімен бетпе-бет кездесумен бірге кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп күтілуде. Бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады.

Сондай-ақ, сапар барысында Чехия президенті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттерімен жүздесіп, екі әл кәсіпкерлерінің қатысуымен өткізілетін дөңгелек үстелге қатысады. Сондай-ақ, Вацлав Клаус Алматыдағы тәуелсіздік ескерткіші мен Шымбұлақтағы тау шаңғысы базасында болады.
Бұл В.Клаустың елімізге осымен екінші сапары. 15-сәуірде Қытайға барар жолында ол Астанада бір жарым сағатқа аялдаған. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер барысында сауда-экономика саласындағы жаңа Қазақстан-Чехия келісімінің жобасын дайындау туралы уағдаластық жасалған.
2003-жылы екі ел арсындағы тауар айналымы 67,3 млн. долларды құрады. Чехиядан Қазақстан экономикасына салынған жалпы инвестиция көлемі соңғы 10 жылда 54 млн. долларға жетті.

Перейти к новостям спорта