Жарияланды: 350

Чехия үкімет басшысының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Ц.Свобода ресми сапармен Қазақстанға келеді

Чехия Республикасы үкімет басшысының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Цирил Свобода қаңтар айының соңында ресми сапармен Қазақстанға келеді. Ол 29-қаңтарда Астанаға келмекші. Ал ертеңінде мәртебелі меймен ел басшыларымен кездеседі деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.

Сапар барысында Ц.Свобода Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов, сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев сынды ресми өкілдермен жүздеседі. Сондай-ақ, Чехия үкімет басшысының орынбасары Елбасының мәдениет орталығын, "Астана бас жоспары" кәсіпорнын және "Бәйтерек" кешенін аралайды деп жоспарланған. Ц.Свободаның елімізге жасайтын ресми сапары 31-қаңтарда аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін