Чехия үкіметі елге шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған жобаны жүзеге асыра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехия үкіметі елге шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған жобаны жүзеге асыра бастады

Чехия үкіметі елге шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған жобаны жүзеге асыра бастады

Чехияның еңбек және әлеуметтік істер министрі өз еліне шетелдік жұмыс күштерін тартуға бағытталған "Шетелдік кәсіби мамандарды іріктеу" атты пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы Қазақстандағы Чехия істерін басқарушы Яна Цымбалинцова бүгін, 8-қыркүйекте Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 8 Қыркүйек 2003
  • 757
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жобаның мақсаты — арнаулы орта және кәсіби білім игерген 35 жасқа дейінгі жастарды отбасы мүшелерімен қоса Чехиялық кәсіпорындардағы жұмыс күші жеткіліксіздігін толтыру, олардың Чехия қоғамына тұрақты негізде интеграциялануына жағдай жасау болып табылады. Қазір Чехия басқа да Еуропалық мемлекеттер сияқты тұрғылықты халқының қартаю ағымына ден қою салдарынан кәсіби жұмыс күшінен тапшылық көріп отыр. Чехияның еңбек министрлігі жасаған демографиялық зерттеулерге қарағанда 2030-жылы бұл елдің еңбек нарығындағы жұмыс күші тапшылығы 420 мың адамды құрайды деп күтілуде.

5 жылға есептелген жобаның бірінші жылында Қазақстан, Болғария және Словения мемлекеттерінен 300 азамат алу жоспарланған. Болашақта жобаның жағорафиялық ауқымы мен қатысушылар саны 1400 адамға дейін жеткізіледі.
Жобаға қатысудың басты шарттарына келсек, ол жаққа баруға ниет білдірген адамның орта білімінің болуы, Чехиядағы жұмыс орны туралы келісім мен 90 күннен артық елде болуға құқық беретін виза алу қажет. 2,5 жылдан кейін жұмысшы еңбек министрлігінің бағыттамасымен басқа жұмысқа ауысуға және Чехияны тұрақты мекенденуге құқық алады.
Үміткерлер баллдық жүйе арқылы іріктеледі. Олардың бағасы білімі, жұмыс тәжірибесі, тіл білімі, Чехияда тұру тәжірибесі және отбасының болуына қарай өсіп отырмақ.
Я.Цымбалинцованың айтуынша, Чехияда тұратын Қазақстанның алғашқы 11 азаматы жобаға қатысу туралы өтініш білдіріп үлгерген. Елшілік мәліметіне сәйкес, Чехияны тұрақты мекенденетін Қазақстан азаматтарының жалпы саны 2,1 мың адамды құрайды.
Алматы қалалық еңбек, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаменті төрағасының орынбасары Анастасия Курасованың пікірінше, Қазақстан үшін бұл жобаға қатысудың маңызы зор. Өйткені, соның нәтижесінде еліміз азаматтары шетелдерде жариялы түрде жұмыс іздеуге мүмкіндік алумен бірге, отанында лайықты бағаға ие болмаған кәсіби біліктілігін әжетке жарата алады. Осы орайда ол жобаға қатысатын Қазақстандықтардың тым құрыса бір бөлігі отанына қайтадан оралып, игерген білімі мен жинаған тәжірибесімен бөліседі дегенге үміт білдірді.
А.Курасованың мәліметіне сүйенсек, Алматыдағы жұмыссыздық деңгейі халықтың экономикалық белсенді бөлігінің 1,9 процентін, ал жалпы Республикалық орташа көрсеткіш 3 процентті құрайды. ҚР статистка жөніндегі Агенттігінің ақпараты бойынша, еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 2003-жылдың наурыз айында 9,3 процентті құрады. Ал еліміз бойынша еңбекке қабілетті тұрғындар саны 7,31 млн. адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар