Чехия үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған жобаны қолға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехия үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған жобаны қолға алды

Чехия үкіметі шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған жобаны қолға алды

1-қыркүйектен бастап Чехияның еңбек және әлеуметтік істер министрі өз еліне шетелдік жұмыс күштерін тартуға бағытталған "Шетелдік кәсіби мамандарды іріктеу" атты пилоттық жобаны қолға алады. Бұл туралы Чехияның Қазақстандағы елшілігінен таратқан хабарламада айтылан.

  • 30 Шiлде 2003
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жобаның мақсаты — арнаулы орта және кәсіби білім игерген 35 жасқа дейінгі жастарды отбасы мүшелерімен қоса Чехиялық кәсіпорындардағы жұмыс күші жеткіліксіздігін толтыру, олардың Чехия қоғамына тұрақты негізде интеграциялануына жағдай жасау болып табылады. Қазір Чехия басқа да Еуропалық мемлекеттер сияқты тұрғылықты халқының қартаю ағымына ден қою салдарынан кәсіби жұмыс күшінен тапшылық көріп отыр. Чехияның еңбек министрлігі жасаған демографиялық зерттеулерге қарағанда 2030-жылы бұл елдің еңбек нарығындағы жұмыс күші тапшылығы 420 мың адамды құрайды деп күтілуде.

5 жылға есептелген жобаның бірінші жылында Қазақстан, Болғария және Словения мемлекеттерінен 300 азамат алу жоспарланған. Болашақта жобаның жағорафиялық ауқымы мен қатысушылар саны 1400 адамға дейін жеткізіледі.
Жобаға қатысудың басты шарттарына келсек, ол жаққа баруға ниет білдірген адамның орта білімінің болуы, Чехиядағы жұмыс орны туралы келісім мен 90 күннен артық елде болуға құқық беретін виза алу қажет. 2,5 жылдан кейін жұмысшы еңбек министрлігінің бағыттамасымен басқа жұмысқа ауысуға және Чехияны тұрақты мекенденуге құқық алады.
Үміткерлер баллдық жүйе арқылы іріктеледі. Олардың бағасы білімі, жұмыс тәжірибесі, тіл білімі, Чехияда тұру тәжірибесі және отбасының болуына қарай өсіп отырмақ.