Чехияда Қазақстанның аумағында фармацевтикалық зауыттарды салу келісім-шартына қол қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехияда Қазақстанның аумағында фармацевтикалық зауыттарды салу келісім-шартына қол қойылды

Чехияда Қазақстанның аумағында фармацевтикалық зауыттарды салу келісім-шартына қол қойылды

Бүгін Прагадағы Лихтенштейн сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Чехия Республикасының Президенті Вацлав Клаустың қатысуымен қазақстандық-чехиялық бизнес форумы өтті.

  • 25 Қазан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

Форумды өткізу кезінде екі елдің компаниялары арасында өнеркәсіптің түрлі салалары бойынша бірқатар келісім-шарттар жасалды, соның ішінде фармацевтикалық сала да бар, деп хабарлайды gmpnews.ru.

Қазақстанда жаңа фармацевтикалық өндірістерді салу келісім-шартына Павлодар қаласындағы РОМАТ компаниясының президенті Тұрарбек Рәкіш пен Прагадағы FAVEA Europe компаниясының директоры Давид Клингер қол қойды.

Қазақстанда дәрі-дәрмекті ірі шығарушыларының бірі РОМАТ компаниясы GMP еуропалық стандартының талаптарымен толық сәйкес келетін екі заманауи фармацевтикалық өндірісті салады. Олардың бірі — Семей қаласында инфузиондық қоспалар мен инъекциялық препараттарды өндіру, екіншісі — Павлодар қаласында қатты дәрі-дәрмектерді шығару.

Инвестициялардың жалпы сомасы 37 миллионға жуық еуроны құрайды, бұл ретте жобаларды қаражаттандыруды РОМАТ компаниясы өзіне алады, қалған бөлігі чехиялық банктар мен чехиялық EGAP мемлекеттік сақтандыру компаниясының көмегімен тартылады.

Соңғы жаңалықтар