Чехияға шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған бағдарлама бойынша Қазақстанға 2004-жылы 700 адамға квота бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чехияға  шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған бағдарлама бойынша Қазақстанға 2004-жылы 700 адамға квота бөлінеді

Чехияға шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған бағдарлама бойынша Қазақстанға 2004-жылы 700 адамға квота бөлінеді

Чехияға шетелдік жұмыс күшін тартуға бағытталған "Шетелдік кәсіби мамандарды іріктеу" атты бағдарлама бойынша Қазақстанға 2004-жылы 700 адамға квота бөлінеді

  • 2 Наурыз 2004
  • 464
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 2-наурызда Алматыда өткен «Қазақстандағы еңбек көші-қонының түйткілді тұстары, ағымдар мен келешек» тақырыбында дөңгелек үстелде Қазақстандағы Чехия елшілігі консулының кеңесшісі Ченек Хайни хабарлады.

Оның айтуынша, қазір «Чехия басқа да Еуропалық мемлекеттер сияқты тұрғылықты халқының қартаю ағымына ден қою салдарынан кәсіби жұмыс күшінен тапшылық көріп отыр». Чехияның еңбек министрлігі жүргізген демографиялық зерттеулерге қарағанда 2030-жылы бұл елдің еңбек нарығындағы жұмыс күші тапшылығы 420 мың адамды құрайды деп күтілуде.
» 2003-жылы Қазақстан, Болғария және Словения мемлекеттерінен 300 азамат алу жоспарланған болатын. Нәтижесінде жоспарланған квотадан аз адам алынды»,- дейді Ч.Хайни. Оның айтуынша, «бұл жобаға қызығушылық танытқандар азаймай отыр, дегенмен, қалағанның бәрі бірдей байқаудан өте алған жоқ».
Бұдан бұрын да хабарлағынымыздай,2003-жылдың 1-қыркүйегінен бастап Чехияның еңбек және әлеуметтік істер министрі өз еліне шетелдік жұмыс күштерін тартуға бағытталған «Шетелдік кәсіби мамандарды іріктеу» атты пилоттық жобаны жүзеге асыра бастады. Жобаның мақсаты — арнаулы орта және кәсіби білім игерген 35 жасқа дейінгі жастарды отбасы мүшелерімен қоса Чехиялық кәсіпорындардағы жұмыс күші жеткіліксіздігін толтыру, олардың Чехия қоғамына тұрақты негізде интеграциялануына жағдай жасау болып табылады. 5 жылға есептелген жобаның жағрафиялық ауқымы мен қатысушылар саны болашақта 1400 адамға дейін жеткізіледі.
Жобаға қатысудың басты шарттарына келсек, ол жаққа баруға ниет білдірген адамның орта білімінің болуы, Чехиядағы жұмыс орны туралы келісім мен 90 күннен артық елде болуға құқық беретін виза алу қажет. 2,5 жылдан кейін жұмысшы еңбек министрлігінің бағыттамасымен басқа жұмысқа ауысуға және Чехияны тұрақты мекенденуге құқық алады.
Үміткерлер баллдық жүйе арқылы іріктеледі. Олардың бағасы білімі, жұмыс тәжірибесі, тіл білімі, Чехияда тұру тәжірибесі және отбасының болуына қарай өсіп отырмақ.

Соңғы жаңалықтар