Челахтар отбасының соттағы шығынын жабуға «Сорос қоры» көмек көрсетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Челахтар отбасының соттағы шығынын жабуға «Сорос қоры» көмек көрсетеді

Челахтар отбасының соттағы шығынын жабуға «Сорос қоры» көмек көрсетеді

Челахтар отбасының осы соттағы шығындарын жабуға «Сорос қоры» қаржылай көмек көрсетуде. Осыған дейін жол ақысын түгел өз мойнына алған америкалық миллиардердің қоры, енді адвокаттың да ақысын төлемек. Бұл туралы Халықаралық адам құқығын қорғау бюросындағылар мәлімдеді.

  • 27 Қараша 2012
  • 365
Фото - Caravan.kz

Арқанкерген бекетінде қызметтестерін қырып салды деп айыпталған қарағандылық шекарашының туыстары осы ұйымнан көмек сұраған екен. Олар өз кезегінде америкалық меценаттың өкілімен кездесу өткізіп, қаржы мәселесін шешіп берген. Енді адвокат Серік Сәрсеновке төленуі тиіс 15 мың доллардың біразын осы қор көтеретін болды. Айта кетейік, миллиардер Джордж Соростың қызметінің тек қайырымдылық мақсатты көздейтініне күмәнмен қарайтындар көп. Әсіресе ТМД елдеріндегі түрлі көтерілістердің бас демеушісі деген аты бар. Сол «Сорос қоры» енді Челах ісіне қызығушылық танытып отыр.


Роза Ақылбекова, Халықаралық адам құқығын қорғау бюросының Қазақстандағы директоры:

Бюро Челахқа қатысты сотта қол қусырып отыра алмады. Сондықтан «Сорос қорының» қаржылық көмегімен адвокатты осы іске қосты. Оған төленетін қаржы көлемі нақтыланып, қазірше ауызша келісім алдық. Енді құжаттармен бекіту жұмысы қалды.