Челахтың адвокаттары сот отырысына қатысуды жалғастыруға дайын
![]() |
Адвокаттар Серік Сәрсенов пен Серік Естияров аздап сырқаттанғаннан кейін «Арқанкерген» шекара бекетіндегі он бес адамның өліміне айыпталып отырған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша сот отырысына қатысуды жалғастыруға дайын. |
Сәрсенбі күні С.Сәрсенов пен С.Естияров В.Челахтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатқан Талдықорған сотына келді, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады.
Өткен аптада С.Сәрсенов сот отырысы кезінде өзін нашар сезінетінін айтып, Алматыға емделуге кеткен болатын, ал келесі күні екінші адвокат С.Естияров та ауырып қалғанын сотқа хабарлаған. Осыған байланысты сот отырысы 4 желтоқсанға шегерілді. Алайда сейсенбі күні таңертең екі адвокат та сотқа келмеді. Сол кезде сот В.Челахқа жаңа адвокат етіп мемлекеттік құпияларға рұқсаты бар Жұмағайша Саржанованы тағайындады.
«Судья тағы заң бұзып отыр. Ол Естияровтың орнына қалайша жаңа адвокат беріп отыр. Егер біз екеуміз де ауырып қалсақ, судья заң бойынша кемінде бес күн күту керек, содан кейін Владтың туыстарына жаңа адвокат ұсынуы тиіс. Ол бұлай істемеді», -деп С.Сәрсенов бүгін «ИФ-Қазақстан» агенттігіне мәлімдеді.
Ол қазір өзін жақсы сезінетінін және сотқа қатысуды жалғастыруға дайын екенін атап көрсетті. Сот залына келген С.Естияров та сотқа қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
Олар жаңа адвокат тағайындалуға қатысты шағымданатындарын айтады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін