Жарияланды: 380

Челахтың адвокаты істі қайта қарауды талап етті

Адвокат Челахқа қатысты істі қайта қарауды талап етуде. Қарағандылық шекарашы Арқанкерген бекетінде қызметтестерін қырып салғаны үшін өмір бойы абақтыға тоғытылған болатын. Бірақ Серік Сәрсенов үкіммен келіспей, енді апелляциялық шағым түсіріп отыр.

Онда қорғаушы Арқанкерген ақиқаты әлі ашылмады. Ал басты күдікті деп  танылған Челахтың ісін қараған судья заңды белден басты. Сондықтан үкімді қайта қарауларыңызды талап етем деген. Естеріңізге сала кетейік, 14 қаруласы мен 1 қорықшыны қырып салды деп айыпталған шекарашының ісіне соңғы нүкте 11 желтоқсан күні қойылған еді. Челах кінәлі деп танылып, өмірінің соңғы күніне дейін темір торға тоғытылсын деген жаза кесілді. Заң бойынша қорғаушы тарап 15 күннің ішінде сот шешіміне қарсы шағым жазуына мүмкіндігі бар. Енді адвокаттың апелляциялық шағымын алдағы айда Алматының ауданаралық әскери соты қарайтын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін