Челенджер сериясындағы турнирде жерлесіміз Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 489.17
  • 576.63
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Челенджер сериясындағы турнирде жерлесіміз Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды

Челенджер сериясындағы турнирде жерлесіміз Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды

Теннистен Словакияның Трнаве қаласында өтіп жатқан жүлде қоры 64 мың еуроны құрайтын Челенджер сериясындағы халықаралық турнирде жерлесіміз Юрий Щукин ширек финалға жолдама алды, деп хабарлады ҚР теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 22 Қыркүйек 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық теннисші екінші айналымда молдован спортшысы Раду Альбертті 7:5, 6:2 есебімен ұтты. Енді ширек финалда Ф.Щукин словакиялық Павол Червенакпен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, ол алғашқы айналымда польяк Мартин Гауранды 6:4, 6:3 есебімен ұтқан болатын.