Финалдық ойында лондондық команда мюнхендік «Баварияны» ұтып, өз тарихында тұңғыш рет Еуропаның ең беделді клубтық футбол турнирінің жеңімпазы болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мюнхендегі «Альянс Аренада» өткен финалдық ойында лондондықтар жеңіске пенальти арқылы жетті.
Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Алдымен алаң иелері есеп ашқан. Голды соққан — «Бавария» ойыншысы Томас Мюллер. Ойын аяқталуға аз қалғанда, 88-ші минутта «Челси» шабуылшысы Дидье Дрогба есепті теңестіріп үлгерді. Ойын соңына дейін және қосымша уақыттан соң да осы есеп сақталғандықтан, кезек пенальти сериясына берілді. Пенальтиде сәттілік жолдас болған «Челси» 4:3 есебімен жеңіске жетті.