“Челси” мен “Шахтер” арасындағы чемпиондар лигасының топтық бәсекесін тікелей эфирден тамашалаңыздар! - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Челси” мен “Шахтер” арасындағы чемпиондар лигасының топтық бәсекесін тікелей эфирден тамашалаңыздар!

“Челси” мен “Шахтер” арасындағы чемпиондар лигасының топтық бәсекесін тікелей эфирден тамашалаңыздар!

“КТК” арнасы чемпиондар лигасының топтық кездесулерін тікелей эфирден көрсетуін жалғастырады. Бүгін сіздер “Челси” мен “Шахтер” арасындағы Е тобының орталық матчын тамашалай аласыздар.

  • 8 Қараша 2012
  • 303
Фото - Caravan.kz


Үш айналымнан кейін әзірге украиналық клуб 7- ұпаймен өз тобында жеке дара көш бастап тұр. Донбас-Аренада “ақсүйектерді” 2:1 есебімен ұтқан Мирчо Луческу тәлімгерлері плей-офф кезеңіне жолдама алуға жақын. Украина чемпионатында да табысты өнер көрсетіп келе жатқан кеншілер қазір бабында. Алайда лондондықтар бүгінгі бәсекеде сәтсіздікке ұшыраса, топтан шығу мәселесі қиынға айналары сөзсіз. Сондықтан “Челси” өз жанкүйерлерін жерге қаратпауға тырысары анық. Бірақ алдағы кездесуге Фрэнк Лэмпард пен Эшли Коул сынды негізгі құрамның белді ойыншылары қатыса алмайды. Бұл матчты сіздер біздің арнадан түнгі сағат 1:45-те тікелей эфирден көре аласыздар.

Соңғы жаңалықтар