Чемпиондар лигасының ең қызықты бәсекелерін “КТК” арнасынан жіберіп алмаңыздар - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чемпиондар лигасының  ең қызықты бәсекелерін “КТК” арнасынан жіберіп  алмаңыздар

Чемпиондар лигасының ең қызықты бәсекелерін “КТК” арнасынан жіберіп алмаңыздар

Бүгін түнде футбол жанкүйерлерін ұйқысыз түн күтіп тұр. Өйткені “КТК” арнасы сіздерді чемпиондар лигасының ең қызықты бәсекелерін тамашалауға шақырады. Еуропадағы мәртебелі кубоктың топтық кезеңінде дортмундтық “Боруссия” әйгілі Сантияго Бернабеуде жергілікті мадридтік “Реалмен” күш байқасады.

  • 7 Қараша 2012
  • 372
Фото - Caravan.kz


Қос команда да қазір бабында. Дортмундта  2:1 есебімен жеңілген “Реал” футболшылары өз жанкүйерлері алдында кеткен есені қайтарамыз деп отыр. Бірақ корольдік клубтың негізгі шабуылшысы француз Кәрім Бензема жарақатына байланысты алдағы кездесуге қатыспайды. Десе де оның орнын толтыратын ойыншылар жоқ емес. Ал соңғы дайындықтарын пысықтап жатқан немістер негізгі құрамға өзгеріс енгізбеген. Бундеслигада қатарынан екі жыл чемпион атанған “Боруссия” өз алаңындағы жеңіс кездейсоқ еместігін дәлелдеуге асық. Бұл бәсекені сіздер біздің арнадан түнгі сағат 1:45- те тікелей эфирден тамашалай аласыздар.

Соңғы жаңалықтар