Чемпиондар лигасының шешуші матчтарын “КТК” арнасынан жіберіп алмаңыздар! - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чемпиондар лигасының шешуші матчтарын “КТК” арнасынан жіберіп алмаңыздар!

Чемпиондар лигасының шешуші матчтарын “КТК” арнасынан жіберіп алмаңыздар!

Бүгін түнде футбол жанкүйерлерін ұйқысыз түн күтіп тұр. Өйткені Еуропаның ең мәртебелі кубогы саналатын чемпиондар лигасын “КТК” арнасы әдеттегідей тікелей эфирден көрсетпек.

  • 5 Желтоқсан 2012
  • 295
Фото - Caravan.kz


Топтық кезеңнің соңғы айналымында дортмундтық “Боруссия” өз алаңында “Манчестер Ситиді” қабылдайды. Немістер плей-офф мәселесін шешіп қойған. Десе де жанкүйерлері алдында аянып қалмайтын Юрген Клопп шәкірттері қашанда жігерлі ойын көрсететіні анық. Ал биылғы маусымда сәтсіз өнер көрсеткен манчестерліктер енді еуропа лигасы мен ішкі біріншілікте топ жаруды мақсат еткен. Д-тобының бұл кездесуін сіздер біздің арнадан түнгі сағат 1:45-те көре аласыздар.