"Чемпиондарға бәрі жарасады": Ақордада бір-бірімен күресе кеткен олимпиада чемпиондары елдің қызу талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Чемпиондарға бәрі жарасады": Ақордада бір-бірімен күресе кеткен олимпиада чемпиондары елдің қызу талқысына түсті

"Чемпиондарға бәрі жарасады": Ақордада бір-бірімен күресе кеткен олимпиада чемпиондары елдің қызу талқысына түсті

Осы аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев олимпиада жүлдегерлерін Ақордада қабылдаған болатын.

  • 29 Тамыз
  • 54
Фото - Caravan.kz

Спортшылардың бір-бірімен әзілдескен видеолары елдің қызу талқысына түсіп жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Спортшылардың Ақордада бір-бірімен белдесе кеткен сәті желіде тарады. Онда олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен Демеу Жадыраевтың бір-бірімен әзілдесіп, күрескен сәтін анық көруге болады.

Спортшылардың бұл қылығын желі қолданушылары қызу талқылап жатыр. Олар: «Чемпиондарға бәрі жарасады», «Қандай қарапайым жандар, жып-жылы видео», «Жарайсыңдар жігіттер, аман болыңдар» деген пікірлерін жаудырып жатыр.