"Черчесовтың қызметтен кететіні рас па": ҚФФ пікір білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 499.76
  • 521.7
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Черчесовтың қызметтен кететіні рас па": ҚФФ пікір білдірді

"Черчесовтың қызметтен кететіні рас па": ҚФФ пікір білдірді

Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне 2024 жылдың жазында тағайындалған болатын.

  • 24 Желтоқсан 2024
  • 22
Фото: Sports.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әлеуметтік желіде Черчесовтың қызметтен кететіні туралы ақпарат тарады.

Бас бапкерге қатысты бұл ақпаратты спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен өзінің Telegram арнасында мәлімдеді.

«Станислав Черчесов жаңа президенттің шешімімен қызметтен кететін болыпты. Орнына 2 қазақстандық және 2 еуропалық маманның кандидатурасы ұсынылған. Қазір заңгерлер Черчесовтың келісім-шартын қалай үзсек деп зерттеп жатыр», — деп жазды ол.

Ал Қазақстан футбол федерациясының Вице-президенті Рохус Шох Sport24 порталына желіде тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мен мұны былай түсіндірейін,  бұл мен де, федерация да түсіндіргіміз келмейтін тағы бір қауесет», — деді.

Еске сала кетейік, Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне 2024 жылдың жазында тағайындалды. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы алты матч өткізді, оның біреуінде тең нәтижеге жетсе, бесеуі жеңіліспен аяқталды.