Полицияның мәліметінше, әнші Калифорния штатындағы Лос-Анджелес округінде өз үйінде асылып қалған күйі табылған, деп хабарлайды Tengrinews.kz TMZ ақпаратына сүйеніп.
Оның мәйіті 20 шілдеде таңғы уақытта табылғаны айтылады. Кейін Лос-Анджелес билігі әншінің қазасын TMZ, Variety басылымдарына растап берді.
Честердің өз-өзіне қол салғаны жайлы Twitter желісінде Linkin Park рок-тобының негізін қалағандардың бірі, вокалшы, гитарашы Майк Шинода растады.
"Есеңгіреп қалдым, жүрегім жараанды, бірақ бұл рас. Біз ресми мәлімдемені дайын болғанда жариялаймыз", — деп жазды музыкант.
TMZ мәліметінше, Беннингтон көп жылдан бері алкоголь мен есірткіге тәуелділіктен арыла алмаған. 41 жастағы музыканттың бірнеге әйелден алты баласы бар. Сондай-ақ, Честердің өз досы, Soundgarden тобының фронтменті Крис Корнеллдың туған күнінде суицид жасағаны айтылады. Ол да суицид жасаған болатын. Честер қайғылы оқиға болатын күні Криске ашық хат жазған.