Чили жанартауының бұлттары жер шарын айналып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 521.57
  • 601.01
+32 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чили жанартауының бұлттары жер шарын айналып шықты

Чили жанартауының бұлттары жер шарын айналып шықты

Бірқатар елдердің әуе қатынастарын жіпсіз байлап отырған Чили жанартауының бұлттары жер шарын айналып шықты.

  • 22 Маусым 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz


Австралияның әуе кеңістігіне айналып қайта жеткен күлді бұлттар мұндағы әуе қатынастарын қиындатып, он шақты бағытты тоқтатып тастаған. Естеріңізге сала кетсек, Чили жанартауы маусымның 4-і  күні атқылай бастаған еді. Ол 1960 жылдан бері тыныш жатқан екен. Осы жаңартау салдарынан жақын маңдағы мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір айналадағы елдімекендердің барлығын күл басып қалған. Кей жерлерде қалыңдығы бір метрге дейін жеткен. Дегенмен  жанартау қаупі сейіле бастағалы бері кей тұрғындар үйлеріне қайта оралып, тұратын жерлерін тазартып жатыр.