Чилиде күшті жер сілкінісі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 509.51
  • 570.6
+27 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чилиде күшті жер сілкінісі болды

Чилиде күшті жер сілкінісі болды

Бейсенбіге қараған түні Чилиде 6,1 балдық жер сілкінісі болды.

  • 22 Қараша 2012
  • 305
Фото - Caravan.kz

Жергілікті БАҚ-ның хабарлауынша, зілзала ошағы ірі порт қала Вальпараисодан 106 шақырым жерде орналасқан.

Әзірге құрбандар мен қираған ғимараттар жайлы ешқандай ақпар жоқ. Цунами қаупі жоқ, дейді мамандар.
Қазір елдегі барлық нысандар мен кәсіпорындар қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды жергілікті билік орындары.
8,8 балдық жойқын зілзала Чилиде осыдан екі жыл бұрын болған-ды. Тербелістен туындаған алып толқындар жүздеген адамның өмірін қиып, елді миллиардтаған шығынға батырған болатын.