Чилиде мыңдаған оқушы ереуілге шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чилиде мыңдаған оқушы ереуілге шықты

Чилиде мыңдаған оқушы ереуілге шықты

Чили астанасы Сантьягода білім саласындағы жағдайды жақсарту талабымен чилилік оқушылар наразылық шарасын өткізді.

  • 16 Маусым 2011
  • 328
Фото - Caravan.kz

Болжам бойынша, шеруге 7 мыңнан астам мектеп оқушысы қатысқан, деп хабарлайды ВЕСТИ.ru.

ИТАР-ТАСС- тың хабарлауынша, шәкірттердің шеруі полиция қызметкерлерімен қақтығысқа ұласып, соңғысы жағдайды тыныштандыру үшін көзден жас шығарушы газ бен суатқыштар пайдаланған. Оларға жауап ретінде ашынған оқушылар тас атқан. Нәтижесінде, кем дегенде он адам жарақат алды, олардың арасында үш фототілші бар.

Өткен аптадан бері жүзден астам орта білім беру мекемелерін билікті өз қолына алған оқушылар басып алған. Олар мектептердің мемлекеттің қарамағына қайтарылып, қоғамдық көліктерде жол жүру билеттерінің жеңілдетілген бағамен тек оқу жылына ғана емес, толық бір жыл бойы сатылуын талап етуде.

Сонымен қатар оқушылар жергілікті биліктен 2010 жылдың 27 ақпанындағы табиғи апат салдарынан зардап шеккен мектеп ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа құрал- жабдықтармен жабдықтауын сұрап отыр.

Соңғы жаңалықтар