Чилиде қатты жер сілкінісі болды
Дүйсенбі күні Чилидің солтүстігінде 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп АҚШ-тың Геофизика институты хабарлады. Құрбандар мен зардап шеккендер жайлы ешқандай ақпар жоқ. Американдық сейсмологтардың болжамынша, зілзала ошағы Атакама шөлінде орналасқан Калама қаласынан 90 шақырым жерде болған. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін