Чилиде жанартау атқылауы салдарынан 3,5 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді
Чили билігі елдің оңтүстігіндегі Пуйеуе коммунасында жанартаулардың атқылауына байланысты 3,5 мың адамды қауіпсіз жерге көшіру туралы бұйрық берді. Бұл туралы жергілікті радиостанция хабарлады. |
Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, аймақта сел жүруі мүмкін.
Риньинауе елдімекеніндегі жағдай мүлдем қиын. Соған байланысты жүздеген адам эвакуацияланды.
Жергілікті билік Пуйеуе коммунасын аса қауіпті аймақ деп жариялады.
Чилидің оңтүстігінің жүздеген тұрғыны муниципалды ғимараттар мен отельдерге орналастырылды.
Дегенмен, мародерлерден қауіптенген тұрғындардың кейбірі үйлерінде қалуды жөн санапты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін