Чиншанло төңірегінде алып-қашпа сөз әлі тыншымай тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чиншанло төңірегінде алып-қашпа сөз әлі тыншымай тұр

Чиншанло төңірегінде алып-қашпа сөз әлі тыншымай тұр

Зульфия Чиншанло төңірегінде алып-қашпа сөз әлі де тыншымай тұр. Енді Қытай басылымдарында Олимпиада Чемпионын өздерінің дипломаттарын араластыру арқылы кері қайтарамыз деген мақалалар жарық көруде.

  • 30 Қазан 2012
  • 338
Фото - Caravan.kz

Алайда, еліміздің Сыртқы Істер министрлігі бұл дақпырт жасанды деген пікірде. Ресми өкілдің айтуынша, Қытайлық дипломаттардан немесе Ауыр атлетика федерациясынан зілтемірші қызды қайтару туралы еш құжат түспеген. Айта өтейік, Қытай басылымдарының бірі Зульфия Чиншанло 2016-шы жылғы Олимпиадада Қытай атынан өнер көрсетеді, қазір құжаттарын да жасатып үлгерді деген хабар таратқан еді. Алайда, мұның бәрін еліміздің ауыр атлетика федерациясы жоққа шығарды. Ал Қытайда деген Зульфия Чиншанло болса  27-інші қазанда елге оралды. Десе де, зілтемірші қыздың өзі әзірше қандай да бір сұхбат беруге асықпай отыр. 


Алтай Әбиболлаев, ҚР СІМ ресми өкілі:

— Елші мырза телефонмен әңгіме барысында Қытай ауыр атлетикасы, күрес және дзюдо орталығы немесе Сыртқы Істер министрлігінің Зульфия Чиншанлоның Қазақстаннан қайтару жөнінде ешқандай өтінішінің дипломатиялық жолмен келмегінін басып айтты.

Соңғы жаңалықтар