Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Адырна» сілтеме жасап хабарлайды.
Жанжал медиа футбол лигасы аясындағы SD Family және 2Drots командалары арасындағы кездесуде туындаған.
Видеодан Ресей құрамасының бапкері Дмитрий Кузнецовтің қазақ төрешісінің шешіміне көңілі толмағанын байқауға болады.
«Не көрсетіп тұрсың? Сен кімсің? Чукча!»—деді ресейлік жаттықтырушы.
Видео Қазнет қолданушыларының қызу талқысына түсіп жатыр.
«Ұлтаралық қақтығысты қоздырып жатыр», «Жазаға тарту керек», «Елге кіргізбеу керек»,— деп жазды ол.
Айта кетейік, «чукча» —Ресей Федерациясының солтүстік-шығысында өмір сүретін азшыл чукча ұлтына қатысты пайда болған. Ресейде бұл сөзді қолдану балағаттау болып саналады.