Технологиялық жаңғыртуды жедел қамтамасыз етуге, цифрлық трансформациялауды қолға алуға арналған «Цифрлық Қазақстан» кешендік бағдарламасы мынандай мақсаттар бойынша жұмыс істейді.
Бірінші. Экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке өту және «Цифрлық Жібек жолын» дамыту арқылы экономиканы дамыту және халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қарқынын айтарлықтай үдету;
Екінші. Адами капиталды дамыту және ұзақ мерзімді перспективада инновациялық экожүйені құру арқылы ұзақ мерзімді ілгерілеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан экономикасының негізінен жаңа даму траекториясына өтуі.
Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін Бағдарлама келесі бағыттар бойынша дамытуды көздейді:
Бірінші. Экономикалық өсудің үлкен әлеуеті бар экономика салаларын цифрландыру. Оларға агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, тау-кен өндіру және мұнай-газ салалары, сондай-ақ көлік пен логистика жатады. Қазақстан экономикасының нақты осы салалары цифрландырумен бірінші кезекте қамтылатын болады.
Екінші. Үкімет өзгерістердің бастауы болып, Цифрлық мемлекетке өту жолында өзгелерге үлгі болады.
Үшінші. Цифрлық инфақұрылым мен платформаларды құру ЕАЭО Цифрлық күн тәртібінде де, біздің цифрландыру бағдарламамызда да цифрлық экономиканың негізгі компоненті болып табылады.
Төртінші. Жаңғыртудың басты негізі адами капиталды дамыту болып табылады, сондықтан бағдарламада неғұрлым озық және еңбектерін машиналар алмастыратын адамдарды жаңа жағдайларға бейімдейтін процестер ойлап табуға қабілетті кадрлар даярлау қарастырылған.
Бесінші. Коллаборативтік инновациялар. Мемлекеттің, бизнестің және білім беру синергиясы экономикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді шаралардың бірі болуы мүмкін. Сондықтан, кез келген шаралар инновациялық болуы тиіс.
Ал алдын ала жасалған болжам бойынша, 2025 жылдан бастап ІЖӨ өсімінен цифрландыру жобаларын іске асырудың жиынтық әсері 30 пайызға дейін болады; 2018-2022 жылдар кезеңінде 300 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Цифрлық трансформациялау бағдарламасы азаматтардың өмірін жақсартуда басты рөл атқаруы тиіс, Қазақстан экономикасының артуына және елдің технологиялық дамыған интеллектуалды ұлтқа айналуына ықпал етуі тиіс.
Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.