«Цифрлық Қазақстан». Қолма-қол ақшасыз төлемдер - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Цифрлық Қазақстан». Қолма-қол ақшасыз төлемдер

«Цифрлық Қазақстан». Қолма-қол ақшасыз төлемдер

"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары орта мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы экономикасының даму қарқынын жеделдету және цифрлық технологияларды пайдалану есебінен халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикасын болашақтың цифрлық экономикасын құруды қамтамасыз ететін түбегейлі жаңа даму траекториясына көшіруге жағдай жасау болып табылады.

  • 13 Желтоқсан 2018
  • 2021
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылы «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік" жолдауы бастама алып, 2018-2022 жылдар іске асырылу міндеттелді.

Жалпы айтқанда мұның бәрі ел азаматтарының әл-ауқатын жақсартып, еңсесін тік көтеруге жасалып жатқан жұмыстар екенін түсініп, мүмкіндігінше қолдау танытуымыз қажет. Тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі жақсарып, басы артық қағазбастылық пен бюрократиядан арылғанда ғана Қазақстанымыз дамыған 30 елдің ортасынан орын алары анық.

Цифрлық Қазақстан бағдарламасы бойынша банктер үлкен жұмыстар атқаруда. Халық үшін бірден-бір төлемнің ең тиімді түрі – онлайн-төлемдер.

Бұл төлеммен жұмыс жасау үшін банкке немесе қандай да бір орынға барудың еш қажеттілігі жоқ. Әрбір қазақстандық ұзақ уақыт кезек күту мен тұтынушылардың қанағаттанбауы, сондай-ақ, экономикалық тиімділіктің төмендеуі сынды мәселелер туындайды. Үйде отырып қалаған нәрсеге тапсырыс беріп, қолма-қол ақшасыз төлем жасап алдыра аласыз.

Қазіргі таңда онлайн-төлем арқылы кез-келген жерде қажетті төлемді жасау әр адам үшін қолжетімді болып отыр. Атап айтар болсақ, интернет төлемі, коммуналдық төлем, шет елдік шот аудармалар жасау, аэро билетке, ТЖ билеттерін алу, кино-концерттерге билет алу, қандай да бір айыппұл төлемдер, телефон төлемдері, т.с.с. төлем жасау тегін қызмет көрсетуде.


Міне, Цифрлық технологиялар біздің өмірімізді барынша жеңілдетіп келе жатқанының тағы бір көрінісі осы.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.