Циклонның ықпалы: Қазақстанда ауа райы күрт суытады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Циклонның ықпалы: Қазақстанда ауа райы күрт суытады

Циклонның ықпалы: Қазақстанда ауа райы күрт суытады

"Қазгидромет" РМК мамандары 2025 жылғы 16, 17 және 18 желтоқсанға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды

  • 15 Желтоқсан
  • 2
ФОТО: Zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Болжамға сәйкес, ел аумағында жауын-шашын түсіп, боран соғып, көктайғақ күтіледі.

«Кең ауқымды циклон Қазақстанның басым бөлігіне әсерін сақтайды. Осыған байланысты қар мен боран жалғасады. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ күтіледі, таулы аймақтарда боран соғады. Республика бойынша желдің жылдамдығы секундына 15–20 метрге дейін жетіп, кей уақыттарда 23–28 метрге дейін күшеюі мүмкін. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ауа температурасы да төмендейді деп күтіледі:

  • елдің батыс өңірлерінде түнде ауа температурасы -10…-18°С-тан -3…-13°С-қа дейін, күндіз 0…-15°С-тан -3…+5°С-қа дейін өзгереді;
  • солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнде -7…-15°С-тан -12…-28°С-қа дейін төмендеп, күндіз -5…-15°С-тан -8…-18°С-қа дейін суытады;
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы -3…-11°С-тан -5…-20°С-қа дейін, күндіз -5…+2°С-тан -1…-13°С-қа дейін төмендейді.

Бұған дейін, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарына 2025 жылғы 15 желтоқсанда күтілетін қолайсыз ауа райы туралы ескерту жасалған болатын.

Перейти к новостям спорта