Циркті сотқа берген бүлдіршін 30 мың теңге өтемақы алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Циркті сотқа берген  бүлдіршін 30 мың теңге өтемақы алмақ

Циркті сотқа берген бүлдіршін 30 мың теңге өтемақы алмақ

Қазақ мемлекеттік циркін сотқа берген алматылық төрт жасар баланың шағымына қатысты шешім шығарылды. Мәселе бүлдіршіннің пайдасына шешіліп, цирк оған 30 мың теңге өтемақы төлейтін болды. Ал о баста арызданушы жақ 900 мың теңге талап еткен еді.

  • 21 Маусым 2011
  • 414
Фото - Caravan.kz


Женя Головин мен оның анасының циркпен соттасып жүргеніне жарты жылдай уақыт өтті. Олар түрлі аңдар болады деп жарнамаланған қойылымға барып, ешқандай аң көрмегендеріне наразылық танытқан. Ал цирк басшылығы ол кезде жануарлардың ауырып қалғанын сылтау қылған. Бірақ соған қарамастан сот ісі басталды. Бұл іс енді мәресіне жетіп, цирктен о баста талап етілген 900 мың теңгеден 30 есе аз ақша өндірілетін болды. Ал баланың анасы: «Мәселе ақшада емес, әділдікте»  деп отыр.  Ал Женя  арыстан мен жолбарыс көрсем деп әлі де армандауда.

Соңғы жаңалықтар