Caravan Logo

Циркті сотқа берген бүлдіршін 30 мың теңге өтемақы алмақ

Циркті сотқа берген  бүлдіршін 30 мың теңге өтемақы алмақ


Женя Головин мен оның анасының циркпен соттасып жүргеніне жарты жылдай уақыт өтті. Олар түрлі аңдар болады деп жарнамаланған қойылымға барып, ешқандай аң көрмегендеріне наразылық танытқан. Ал цирк басшылығы ол кезде жануарлардың ауырып қалғанын сылтау қылған. Бірақ соған қарамастан сот ісі басталды. Бұл іс енді мәресіне жетіп, цирктен о баста талап етілген 900 мың теңгеден 30 есе аз ақша өндірілетін болды. Ал баланың анасы: «Мәселе ақшада емес, әділдікте»  деп отыр.  Ал Женя  арыстан мен жолбарыс көрсем деп әлі де армандауда.